Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің,
Кешір, күнім, кеш те болса, ұғындым.
Барлық жанға түсіргім кеп сәулесін,
Жүрегімді қолыма ұстап жүгірдім...
Даусым жолда тасқа тиіп жоқ болар,
(Суық көздер ту сыртымнан оқталар).
Сөндіргендей үмітімді үрлеп бір,
Тәлкек етіп жүрегімді кетті олар.
Қайта жанған үміт қашан ақталар,
Ақталмаса алданумен шоқ болар.
Жиіркенем екі жүзді жандардан,
Атақ үшін, ақша үшін сатқан ар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері