Келбетімді ашпай Мұңды мың ағын – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Келбетімді ашпай Мұңды мың ағын» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2382
«Келбетімді ашпай
Мұңды мың ағын.
Сәл нәрсеге
Бүліндім һәм жыладым.
Сынып қалып
Арманымның айнасы.
Сәуле күнді
Сабылыспен құрадым.
Сезіп сен де
Пиғылдардың құрығын.
Елсіз түнге
Қасқыр болып ұлыдың.
Ешбір аяқ
Ылайламас тұнығым,
Кеуделердің
Түсінбейді құлығын.
Мен жарыққа,
Жарық маған суыды!»-
Тартып қойып
Тыңдайды ол мұрынын.
Сен де түбі
Бір айналып қазыққа,
Суып, сағың
Сынып келерсің, құлыным!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері