Мұхтар Мағауинге – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Мұхтар Мағауинге» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 875
Атым менің «Мен» дейді,
Затым менің «Мен» дейді.
«Соңғы жазған шығармам,
Құй сен, сенбе «Мен» дейді.

Шақырсаңыз келмейді,
Жел сөзіңе ермейді.
Газет пенен журналға,
Сыр-сұхбатын бермейді.

Өсек-аяң термейді,
Дерек іздеп терлейді.
«Қытығына» тисеңіз,
Ханға сәлем бермейді.

«Айтысқандар» жеңбейді,
Жөн сөзіңе көнбейді.
Өзі жазып шықпаса,
Тарихыңа сенбейді.

«Бес ғасырды» толғады
Тіл мен ділді қорғады.
Білейікші қадірін,
Алтынның бар қолдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері