Бір көш кетіп барады – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Бір көш кетіп барады» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1746
Бір көш кетіп барады,
Соңында із бар қаралы.
Қыр астында жел сыңсып,
Жоқтау-әнге салады.
Ешкімді де тоспай ма,
Барады бұл көш қайда?
... Жөн сұрасам, арқамнан,
Қамшы-тағдыр оспай ма?!
Қалмас енді сөзде құн,
Ойыншықтай өзге мұң.
Көкке ұлыды көк бөрі,
Қан шылапты көздерін.
Көрінбеді құмбыл ай,
Айтты сырын күн жылай.
... Рухымның сүйегін,
Көмбекші екен!
Сұмдық-ай!..
Шықпай қалып тағы үні,
Бізден қашқан бақ ұлы.
... Арасынан қорымның,
Қараяды қабірі.
Енді үмітім сөнбекші,
Торыңды құр, өрмекші.
.. Рухымның сүйегін,
Қара жерге ... көмбекші...
Алла-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері