Көктемгі элегия

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Тағдыр-сахна.
Тақырыбы – өткенім,
Басты рольде мен ойнадым теп-тегін.
Өткенімнен өрнек іздеп жүргенде,
Сен де келіп қалғаның ба, көктемім?
Туралықтан түсер неге құным кіл?
(Саған сырды айтқандағы түрім бұл).
Бір тамшы жас жанарымда мөлдіреп,
Мына ғалам тартып кетті бұлыңғыр.
Ей, аспан жақ, күркіре,
Жаным менің жонылуда түрпіге.
Жылғалардан сылдыраған бұлақтар,
Ұқсайды екен, бір кездегі күлкіме.
Қасарысып, алға басып бір адым,
Сүріндім де, құладым.
Қуаныштан жылағанда көк пен жер,
Мен қосылып жыладым.
Қоңырауын қаққанменен тіршілік,
Қыр астында қуаныш жүр қырсығып.
Көзі сенбей, көктем келді дегенге,
Күнгей беттен қылтияды бір шыбық.
Жүрегімді мазалайды жай талай,
Аулақ барып, жасын төгіп қайтады ой.
... Қар астынан сенің ізің көрінді,
Сен қайдасың?
Айта ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемгі элегия өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Көктемгі элегия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көктемгі элегия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемгі элегия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері