Өлең, жыр, ақындар

Сең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Көкше мұздың көкірегі қызынып,
Сере қарыс сең жарылды бұзылып.
Мен қарадым алқам-салқам өзенге,
Тереңдіктің тебіренісіне қызығып.
Кемерлерді әлім-берім ырғатып,
Сеңдер, сеңдер бір шығады, бір батып.
Жел соғады жүлгелерден жүйіткіп,
Құрлық төсін келген бетте құрғатып.
Сеңдер, сеңдер сеңделеді ойланбай,
Бұлай болса, түгесілмек той қандай.
Қызыл суын құшағына қондырып,
Тоғытылып бара жатқан қойлардай.
Байырқалап қонғандайын құс кілең,
Көзбен көрдім қырық жамау қысты мен.
Арғы бетке өтіп кеткім келеді,
Аттап-аттап сол сеңдердің үстімен.
Қапаланба, қайран өзен, аһ ұрма,
Жарыл, төгіл, дүрліге бір шатырла.
...О басында тұтас туған дүние
Бөлінген соң бүлік болып жатыр да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сең өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Сең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері