Айықтырмай тұманын – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Айықтырмай тұманын» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 582
Айықтырмай тұманын,
Не боп кетті мына күн?!
Көбейгендей келеңсіз
Көңілдегі күмәнім.
Көк аспанның шекпені
Түспей қойды, беу, неге?!
Бұлттың бәрі көктегі
Кіріп алды кеудеме.
Мұндай жайды кім күткен,
Ай адасқан шығар-ақ.
Күннің де өзі түндіктен
Қарамайды сығалап.
Жаңылысып қалғандай
Жаз орнына қыс келіп...
Бір ашуы бар жандай
Тұрды дала тістеніп.
Қарай бердім аспанға,
Қам көңілім зарығып.
...Күн шуағын шашқанда,
Болды бірден бәрі ұмыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері