Найзағай – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Найзағай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3619
Сен едің бір «құдірет»
Зәресін алған талайдың.
Жағасын ұстап, күбірлеп
Қарт әжем бұлтқа қарайтын.
Сағынтқан, көкке қол жетпей
Сен екенсің жарық, нұр.
Монтер інім, селт етпей,
Үй сайын сүйреп барып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері