Қарағанды қысы – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қарағанды қысы» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Алқынып, алты ай бойы аласұрып,
Буады бура боран баласынып.
Көшеге желең шыққан қыздардайын
Қайыңды қалшылдатқан қара суық.
Қара жел қалың қарды үйіп-төккен,
Тұрса да жиегіне тиіп көктем.
Ауаның ашытқысы ашулы аяз,
Қаланы аймалайды сүйіп беттен.
Басылмай бойындағы аптығы шын,
Бұрқанып, буырқанып жатты қысым.
Заводтар будақ-будақ көреді ылғи
Бұлттар мен түтіндердің қақтығысын.
Шашынан шуда бұлттың ұстап қалып,
Тынардай әжептәуір істі атқарып.
Желіккен ойда жоқта жезтырнақ қыс
Қаланы бүретіндей қыспаққа алып.
Сол сәтте күллі қала шуыменен
Ойнайды таңғажайып туып өлең.
Қайнайды көмір жанған қазанда қыс,
Жылынып шахталардың буыменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері