Бастаңғы

Бұл бетте «Бастаңғы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1548
Жиынды кiм сағынбас,
Кiл балалар
қағынып,
Əншейiнде бағынбас,
Бiр бастыққа
бағынып,
«Жасайық», – деп, – бастаңғы»,
Бiреу бiр ой бастайды.
Əдетiмiз жастайғы,
Мұны бəрi қоштайды.
Кiм мақтаншақ,
Кiм кеппе,
Құштар болсаң бiлмекке.
Сырын ашып тастайды,
Жаса жиi бастаңғы,
Сүт тартатын машина
Бар Бекеннiң үйiнде.
Шешесi алып қасына
Сүт тартады күнiне.
Қайырған май,
Тартқан май
Сол кiсiнiң қолында.
Бiр кесегiн батпандай
Ұрлау Бекен мойнында.
Бектiң үйi келесi,
Тары егедi
Жаз айы.
Тары тасып ол өзi
Бiр жарылқай жаздайды.
Бiреу үйден женттi,
Бiреу үйден
Құрт əкеп,
Ал бiреулер өрiктi,
Жарма талқан
Жүр əкеп.
Мақтан сүйгiш Жолданды,
(Мiнезi тым қызық-ты).
Мақтап қойсаң болғаны,
Не қазы,
Не шұжықты.
Сездiрместен үйiне,
Тығып алып
Келедi.
Сол бойымен күпiне,
Түнiменен
Кебедi.
Асылып ет жатады,
Ұмытамыз басқаны.
Сан қызыққа бататын
Басталады
Бастаңғы.
Думанымыз жарасып,
Бiр жаңалық
Ашқандай.
Ас iшемiз таласып,
Таласа iшкен
Ас қандай!
Тəбет қашар
Əсте үйде,
Ал қызық-ау
бастаңғы.
Өз үйiңнен басқа үйде
Көрiнедi-ау
Ас дəмдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастаңғы өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Бастаңғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастаңғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастаңғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері