Ерке – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Ерке» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 955
Ерке Нұрлан бұртиып,
Ашпай отыр қабағын.
Алдында астың түр-түрi,
Қинайды iшпей тамағын.
Бəйек болып мамасы,
Жалбарынып: – Iш, – дедi.
Көнбеген соң баласы,
«Iшсеңшi», – деп күштейдi.
Нұрлан ашу шақырып
Жiбередi бақырып.
Үйдiң жалғыз батыры
Жеңiп шығар ақыры.
Көршi үйдiң баласы
Келiп едi,
Қарашы,
Қолындағы нанына
Отыр ендi таласып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері