Қыңыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қыңыр» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 789
Бағып оның қабағын,
Берсе-дағы мадақтап,
Өз үйiнiң тамағын
Iшпейдi ол алақтап.
Ал басқа үйге барды ма,
Өлiп-өшiп iшедi.
Тамақ келсе алдына,
Қара терге түседi.
Асын iшiп алаңсыз,
Ұмытады ұятты.
Ата-анасы амалсыз
Қызартады қулақты.
Жақтырмайтын сонысын,
Өзi сондай қаскүнем.
Басқа үйде ол үшiн
Тəттi болар ас кiлең.
Осы қыңыр күн сайын
Тойсын десең тамаққа,
Қыдырыстап үй сайын,
Жүру керек қонақта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері