Қос көкем – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қос көкем» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Анау, әлде мынау маған дос па екен,
Осыларға кімдер мені қосты екен?
Кезек өтіп,
бұл дүниеден баз кештім,
Қадыр менен Тұманбайдай қос көкем.
Көңілімде күңіренген қобыз бар,
Қиялымда сол баяғы со қыз бар.
Қоңыр күздер
сыздатқанмен жүректі,
Көктем сайын оралады абыздар.
Ұстазыңды іздегенге бар ма айып,
Асылдардан тағы айырылып қалмайық.
Қайтқан қаздың
қаңқылынан іздедім,
Екі ағамды сағынғанда сарғайып.
Қос көкемнің жыры маған ұнаған,
Елі сүйген, жері сүйген ғұламам.
Кездесуде
қойылады сұрақтар,
Қадекең мен Тұмағамды сұраған.
Маң даланың сүйген тауын, құлынын,
Шетін сездік тереңдегі сырының.
Ақындарда арман бар ма,
шіркін-ай,
Жырларымен жазып кеткен ғұмырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері