Тастаймын алыстарға көз қиығын – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Тастаймын алыстарға көз қиығын» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 886
Тастаймын алыстарға көз қиығын,
Менің де қол жетпестей өз биігім.
Көңілдің ақ көбік қып көк дөненін,
Үміттің келем қуып жезкиігін.
Мен, бәлкім, жете алмаспын, жетермін де,
Назым көп айтар әлі өтер күнге.
Жастықтың жедел тартқан керуені
Жанымның жайлауынан көшер бірде.
Оралмас ару елге бір кеткен соң,
Қона алмас аққу көлге күз жеткен соң.
Жабықтан жай түсірер жан отымды
Көктемгі көк нөсерден іздеп көр сен!

1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері