Өлең, жыр, ақындар

Бала едім...

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1124
Бала едім кеше ғана сасыр мінген,
Жосылтып жалаңаяқ жасыл қырмен.
Жігіттік жайлауында енді, міне,
Оңаша отау тігіп жатырмын мен.
Басымнан ұшпайтындай бақ-дүние,
Ризамын баянды өткен бар күніме.
Шағымда шаршы топта бір шапсам-ау,
Жүйріктей келіп алып зар күйіме.
Бұйырар қайда болсын бір сыбағам,
Жастығым – жан серігім жүрсін аман.
Барады сағыныштан қаным кеуіп,
Өртеніп от өзегім жырсыраған.
Жанымның бұлт тұмшалап жал-құздарын,
Көңілдің көшін арттым жалғыз-жарым.
Толассыз төгіп өтші, көк нөсерім,
Желкілдеп желге ойнасын жалбыздарым.
Сәбидей бесігінде ерте күлген,
Өзегін сезімдердің өртедім мен.
Ай нұры, қонақта кеп қабағыма,
Арулар ақ жүзінен мөр төгілген.
Арманға адам қашан қылар нысап,
Арқаға айлар қамшы ұрар қысап.
Шығады даусы қайдан шаттығымның,
Шулаған шың басында ұлар құсап?
Қайрамай қайратымды намысым құр,
Аударып, асау өзен ағысын бұр.
Шайқасып қиындықтар меніменен,
Шыдасаң, шынарымды тағы сындыр.
Қиыс сап құшақтасқан дос арасын,
Қияда құйысқаным босамасын.
Құр аттай қырларымда құйындатам,
Құлатпай қызығымның босағасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеңістікке қол созып...

  • 0
  • 0

Тағы да тербет мені, бесік-күндер,
Елеңдеп күтудемін –
Кешіктіңдер.
Сендерден дәмеленіп жүргенімде

Толық

Сарыарқа

  • 0
  • 0

Саржайлауым менің,
Ән жайлауым менің.
Жан жайлауым менің,
Беу-беу, Сарыарқа!

Толық

Ұлықбекке

  • 0
  • 0

Көзді алдап әшекейі жылтыраған,
Қия алмас жас дәуренді шіркін адам.
Өлеңнің ойнақ салып жайлауында,
Су ішкен інім едің бір тұмадан.

Толық

Қарап көріңіз