Өлең, жыр, ақындар

Әсеттің ішкі әуені

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Кетпей қойды-ау бір әуен көкейімнен,
Дала кезіп, дал ұрып кетейін мен.
Құба жонды қырлардан әрі асайын,
Ойпаңдарда, орманда адасайын.
Шығар екем қай тарап, қай түкпірден,
Келем бе әлде еліме қайтып бірден?
Жоқ, болмаса жоғалып сол бетіммен,
Шиырлаумен өтем бе жер бетін кең?
Бәлкім, бірде кеселдің қырсығынан,
Кезбе басым қиылса қыршынынан,
Ботасы өлген інгендей боздар анам,
Көзін алмай момақан боз даладан.
Қайран әкем қайырылып қанатынан,
Басар ашық аспанын қара тұман.
Тартып сосын қайғыдан үміт алшақ,
Жетер жылжып мені де ұмытар шақ.
Жарым-дағы жерінер төсегінен,
Махаббатқа ораған кешегі мен.
Жанның бәрі жолымнан күдер үзер,
Күңіренген күн қайтадан күле кірер.
Бұзбас, сірә, бұл өмір өз арнасын,
Еш ғұмырдың білген соң оза алмасын.
Тек тауларым қалғымас ұлар ұшқан,
Оралғанша қаңғыбас ұлы алыстан.
Ормандарым тарқатып қос бұрымын,
Ойлар бір сәт ыңылдап кешкіғұрым.
Өзендерім алқына іздеп мені,
Білінбесе жаз өтіп, күз жеткені,
Туған далам, ойпыр-ау, кешіре гөр,
Мен емеспін елестің көшіне ерер.
Кезім болса өзіңнен жырақ кетер,
Өлді деме балаңды жылап бекер.
Қош айтыссам мәңгіге мен сенімен,
Қиылды де уақыттың семсерінен!..

1974



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау тұлғалы адам

  • 0
  • 0

Тауда туып, тасында өскен ұл едім,
Қыран қонған қия таста түледім.
Таудай биік, даладай кең ұлы елім,
Ұлы елім ғой менің қолқа-жүрегім.

Толық

Түнде ұшқан тырналар

  • 0
  • 0

Тырналар түнде көкте тыраулады,
Күндізгі бітпегендей мұң-арманы.
Мұңайтып байғұстардың мынау халі,
Жүрегім бүлк етті де бір аунады.

Толық

Жабырқасаң орман жаққа жалғыз бар

  • 0
  • 0

Жабырқасаң орман жаққа жалғыз бар,
Жалын атып жүрген шығар бал қыздар.
Гүлдер саған қағып нәзік қабағын,
Көз алдыңда билер балғын жалбыздар.

Толық

Қарап көріңіз