Тездете алмай ай менен жыл жүрісін – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Тездете алмай ай менен жыл жүрісін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 737
Тездете алмай ай менен жыл жүрісін,
Сағынумен өткізген күн құрысын.
Өмір бойы келесің мекендеумен
Жүрегімнің құпия бір бұрышын.
Толқын атып тұрасың маза бермей,
Тұңғиықта жатқан бір таза көлдей.
Сен қозғалсаң,
Қозғалып сеңім менің,
Отырамын соққыңнан әзер өлмей.

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері