Салыстыру – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Салыстыру» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1257
Өз қолымен дән егіп, кен қазбаған
Талай жандар отқа түсе жаздаған.
Молшылықтың білу үшін қадірін
Жоқшылық та керек екен аздаған.
Кейбіреуге оты шалқып маздаған
Күрсінуді маңдайына жазбаған.
Бақытыңның сезу үшін қадірін
Сор да керек анда-санда аздаған.
Арындатып, арман атын зырлатып,
Қол созамыз келешекке тіл қатып.
Рахаттың ұғу үшін қадірін
Азапты да көру керек бір уақыт.
Ойсыздардың қаперіне кірген бе,
Алтын дәурен өте шықса бір демде.
Әншейінде байқалмайтын көп нәрсе
Білінбей ме жылағанда, күлгенде...

1981


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері