Әр бұтада бір көкек

Бұл бетте «Әр бұтада бір көкек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Сұғанақтан сақта, құдай, әр есікті бір қаққан,
Кәрі мыстан тоқым ояр төрде жатқан сырмақтан.
Шамалауға шақ келмейді таразының тасы да,
Қыл мойында парызым мен қарызым бар зіл батпан.
Төгіп келем ақ қағазға жан сырымды имандай,
Тостағанға тілімдегі бал­шырынды құйғандай.
Қасым менен Мұқағали зарлап өткен жалғанның
Қайыры жоқ қай бақыты маңдайыма сыйғандай?
Атақ­даңқ – қызыл түлкі – арбайтұғын көз құрты,
Бағасына жеткізбей тұр базардағы сөз қырты.
Есер, шіркін, бар қазақты ұйыттым деп ойлайды,
Құйрығына көпшік тастап, қолпаштаса өз жұрты.
Сескенбейді аласұрған асау тасқын өлеңнен,
Салындыны сал ғып мінген өңкей нойыс өлермен.
Су түбіне бара жатып, бітеу басын бұлдайды,
Көк тиынға тұрмас құны әлдеқашан төленген.
Көріп тұрып сорақыны жігеріңді құм қылар,
Қара қоста күңіреніп, мен жыламай, кім жылар?
Өзін өзі алдыменен ақынмын деп санайды,
Өзге түгіл, әлемдегі есі ауысқан жындылар.
Қазақ жыры қайтіп оңар, әр бұтада бір көкек,
Сұңқылдайды өз аттарын шақырумен күнде тек.
Бұлбұл үнін танымайтын шойынқұлақ заманда,
Жезтырнақтың жолы болғыш көйлек киген гүлді етек...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр бұтада бір көкек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Әр бұтада бір көкек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әр бұтада бір көкек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әр бұтада бір көкек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері