А...ға – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «А...ға» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 905
Тағдыр сені тоқ қылды,
торықпа, дос, мықты бол.
Құшып ең бір шоқ гүлді,
тікенек боп шықты ол.
Құмай ғой деп мөлитіп
асырап ең бір итті,
төбет болып ол итің
өзіңе үріп тыритты.
Суып кеттің, — бұ да анық,
суындырмай қойды ма:
жібек тағып сыланып
кірген жылан қойныңа.
Ерегіссең ал енді
еліңе жүр, тоқты бақ.
Хайуанат көп әлемде,
сендей кісі жоқ бірақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

А...ға өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

А...ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

А...ға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

А...ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері