Ұршық жыры

Бұл бетте Жұмекен Нәжімеденовтің «Ұршық жыры» өлеңінің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1077
Сыртта — күзгі жел үні,
бұталар тұр ыңырсып.
Үйде — ене, келіні
екеуінде бір ұршық.
Алма-кезек лақтырып,
Қолға кезек алады.
Иірілді ақ түбіт,
Иірілді жабағы.
Түбіт ұшты — тұр, ұста!
Ұршық қатты құлады:
ене, келін ұрысса,
Ұршық лақтырылады.
"Қалада ұршық бола ма, —
деме, — қазақшылық бұл.
Қаладағы бала да
Киеді екен шұлықты.
Бұлт ұшты жер бауырлап,
Желдің қатты қарқыны...
Ешкі, түйе — ауылда,
біздің үйде бар түгі.
Ана жерде — домалақ,
Мына жерде — домалақ.
Келінге де обал-ақ,
енеге де обал-ақ.
Жо-жоқ, тату екеуі:
бір ене мен бір келін
дүкен кезіп кетеді
Мен ақша алған күндері.
Таңсәріде шай ішіп,
бір-бір сөмкі алады.
Бірі еркелеп майысып,
бірі жымың қағады.
Апыл-ғұпыл киініп,
алса бір-бір сөмкіні.
Сен үшін ең қиыны:
аш қаласың ол күні.
Балаң да аш па?
ол мейлі
Жылай берсін, жігітім,
бере берсең өлмейді
қатқан нанды жібітіп.
Базаршыға кешіккен
жарасады деп еді:
Қас қарая есіктен
бір қап "Уһі" енеді.
Қисайысқан тақалар,
сөмкілер тоқ керемет.
Кесе, шыны, мата бар —
тамақ іздеп не керек!
Екеуі де болдырған:
(шәйді өзің қой жылдам)
бірі — өкшесін алдырған,
бірі — белден шойырылған.
Шаршау емес,
Құлақ сап
Қарашы — дерт бұл да ерек.
Бірі — бүкір,
бірі — ақсақ,
бірін-бірі жүр демеп.
Ондалайды екеуі...
ертесіне тағы да
сөмкі арқалап кетеді
дәл кешегі жағына.
...Бір күні ақша бітеді,
бітті шығып бір шығын.
Бірі — түбіт түтеді,
бірі — іздейді ұршығын.
Сыртта — қысқы жел үні,
бұталар тұр ыңырсып.
Үйде — ене, келіні
екеуінде бір ұршық.
Иіреді ұршықты
алма-кезек екеуі.
Ұршық кейде қырсыққа
айналып-ақ кетеді.
Тұтанады қайта дау —
түбіт қолғап... жүн шұлық.
Баяғы сол қайталау,
баяғы ұршық-тіршілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұршық жыры өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Ұршық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұршық жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұршық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері