Күз – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Күз» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1652
Сұп-суық күзгі леп,
Күзгі леп сүзгілеп
бұлтты бұлт тықсырды,
тықсырды, сұп-сұр ғып
аспанды, бар маңды,
мына ұлы жалғанды,
Көңілді, сезімді,
Үмітті, арманды.
Бұта — сұр, бір түрлі
Қызыл-сұр гүл тұрды.
Тас та сұр. Сұр бәрі:
Сұлудың тырнағы,
Өлеңнің ырғағы —
Сұр бәрі, сұр бәрі.
Сұр тамшы, жай ғана
Сұр тасқа тайғана...
Қой, қой, қой, қой, бала —
Қарайын айнаға:
Мөп-мөлдір жаңағы
қап-қара жанарым
Кенеттен, о, тоба, түрленіп,
Кетпесе неғылсын сұр болып?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері