Менің жолдарым – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Менің жолдарым» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 852
Жаным біреу,
екі айрылды бір сенім,
бірін таңдау керек болып тұр соның.
Жыр жазып ем кеше де ыстық бу атып,
ертең, бәлкім, романға кірісемін?!
Белгісіздеу: қай жолды әлі көздерім,
бірақ, бірақ екеуі де — өз жолым.
Жыр жазар ем,
Қара сөз де жазар ем,
таза жыршы,
прозаикпін таза мен.
Қайрат та бар,
қайратқа еңбек, талап тең,
Уақыт біреу,
ғұмыр біреу тек, әттең!
Менің жолым — екі тарау болып тұр,
сырбаз досым, сыншыларға соны ұқтыр.
Маған, маған көңіл-күй бер,
ортайсам
Мені, мені денсаулықпен толықтыр.
Жолым — екеу,
екі айрылды бір мақсат,
бір жақтан — сөз,
бір жағымнан жыр қақсап
ауру тістей мазалап жүр.
Осы бақ:
Жыр — сері ғой,
Қара сөз жүр асырап.
Бірді жырлап,
Жасаймын деп мың кейпін,
отыз тістен шығады ойнап тіл бейпіл.
Араласып кетсе меңде күлкі, мұң —
Мен де бейне күздің қоңыр бұлтымын,
Жел қысқанда не жауарын білмейтін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің жолдарым өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Менің жолдарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің жолдарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің жолдарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері