Поэзия – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Поэзия» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2315
Неше түрлі жалқау мен қырсау мінген,
Поэзия секілді бір саулы інген.
Ботасы өлген секілді ертеде оның,
Абай жатқан баурында кер төбенің.
Қасым жатқан шет жағын боз даланың,
Саулы інген-жыр кезеді боздап әлі.
Ботасы өлген батады Ана мұңға,
Ілиястың Құлагер заманында.
Алаяқ пен не түрлі қырсау мінген
Поэзия — жүр әне, бір саулы інген.
Ботасы өлген батады Ана мұңға
"Аралды" ашқан Әбділда заманында.
Боз інген жүр, бір ойға бекіндім мен:
бұйдасын қиып кеткен секілді інген.
Бір желіге тоқтары, келері анық
деп ақындар жөңкіп жүр шелек алып.
Қайтіп бүтін бұл ырыс тисін бірден
Жебір қолға саумаған — исіндірген?!
Бір тамшыға біреу жүр құны қалып,
Біреу шықты, әнеки, тұлып алып.
Байғұс інген... бүйірі бүлкілдейді,
бота-қайғы бауырын түртіп жейді.
Бір шелекке нәр тамып бірер қасық,
бірер көңіл қалды, әне, құмар басып.
Ол бақыттан, достым, сен қалдың аман,
Ең тынышы — қой бағып, мал құраған..
Бос шелектің дауысы-ай даңғыраған,
бос шелектің дауысы-ай даңғыраған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Поэзия өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Поэзия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Поэзия өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Поэзия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар