Ен даланы – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Ен даланы» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.10.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Ен даланы,
Елес кезіп қаңғырған.
Ғасырлардың сарындары жаңғырған.
Жартастардың, жақпарында бір сыр бар,
Қырандардың,
балапаны саңғырған.
Шөліркейді жапырағы жанымның,
Қуат күткен жаңбырдан.
Күмілжиді күннің сынық қабағы,
Таяқ жеген пенделердей тағдырдан.
Жүректердің дарбазасын құлыптап,
Бір көруге зар қылған.
Тамшылардың тағдырларын іздеймін,
Шөгіп жатқан нарқұмнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері