Қыздар-ай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қыздар-ай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3725
Ажары көктемдегі ашық таңдай,
жарқырап жанарыңды жасытқандай.
Еркелеп, мың бұралып назданғанда,
қай жігіт тұра алады ғашық болмай?!
Қайырмасы:
Әй, қыздар-ай,
гүлдейсіңдер,
жүрмейсіңдер
ғашық етпей!
Сендерсіз өмір бізге
ұқсайтын қоңыр күзге
қасіреттей.
Әй, қыздар-ай,
сендерсіз жүреміз
біз қалай?!
Дүниеде қыз жүрмесе сылаң қағып,
өмірің кетер еді-ау тұманданып.
Жігітке ғашық болмай жүру — күнә,
қу қыздар, асқақтайды мұны аңғарып!
Қайырмасы.
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері