Не сыйлайды тағдыр деген жол алдан – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Не сыйлайды тағдыр деген жол алдан» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.10.2021
  • 0
  • 0
  • 551
Не сыйлайды тағдыр деген жол алдан,
Жапырағы күз желіне тоналған.
Қайың тұрды теңселіп,
Құдіретіне жел сеніп.
Кімге опа беріп едің О, жалған,
Дәрияда құмға сіңіп жоғалған.

Күнді сүйсем бе екен құшақтап,
Гүлді сүйсем бе екен құшаққа ап.
Күннің күйісі кеткен,
Гүлдің иісі кеткен.
Есіл жүрегімізді пышақтап,
Кетпесек екен ұсақтап.

Сағыныштар мекендеп сры төбені,
Күңіреніп көңілім зар төгеді.
Баяны жоқ өмірде,
Байлауы жоқ көңілде,
Керек етпей атақты мәртебені,
Бүршік атты ауылдың қарт емені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері