Бір Аллаға сыйынып – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бір Аллаға сыйынып» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 881
Мезгілінде көктем келе қоймастан,
Қыс аяғы қыбырлайды жай басқан.
Күн күркіреп, жасын ойнап кенеттен,
Кір көйлегін ақ жаңбырмен шайды аспан.
Осындайда бір Аллаға сыйынып,
Құлшынасың күпірліктен тыйылып.
Кетсе дейсің дүниені тазартып,
Құдіреттің көк нөсері құйылып!..
Нұр жаумаса пенде қалай күн көрсін,
Уа, періштем, сен келмесең кім келсін?
Мүсіркесең, мүскіндерді жанай ұш,
Қанатыңның ұшын сипап үлгерсін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері