Өлең, жыр, ақындар

Көзімнен ғайып болды

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Өмірдің ауыр жүгін арқалаған,
Көзімнен ғайып болды дархан анам.
Дауылды, боранды да сезбеуші едім,
Ол барда жел жағымды қалқалаған.
Сұм ажал айналдырса алмай қоймас,
Қандықол қарақшыдай ел тонаған.
Анамның орны толмас енді қайтып,
Теңіздей төмен түсіп орталаған.
Пенденің тілегені бола бермес,
Құдайдан күнде сұрап қолқалаған.
Көнген бе дегеніңе дүлей тағдыр,
Асаудай көкке шапшып шалқалаған?
Жұбатып жылағанда, көңіл айтып,
Көпшілік, айналайын алқалаған.
Қайғының қазанын бір көтеріскен,
Қазағым, болсын дәйім ортаң аман.
Астаудай аударылып қайран дүние,
Базары қай ғұмырдың тарқамаған?
Зымырап бізден де өтер мына заман,
Жүйріктей жал-құйрығын жел тараған.
Еңсемді зілдей қайғы жаншығалы,
Түседі анам еске әлсін­-әлі.
Адамға жетпейді екен көзі кетсе,
Шешенің елжіреген жан шуағы.
Шықпайды күндіз естен, түнде түстен,
Сөнгенше тіршіліктің шамшырағы.
Өлмейтін кім бар дейсің бұл жалғанда,
Кеудеден түбінде бір жан шығады.
Саясыз шөлде қалған секілденіп,
Қинайды көкіректің қаңсығаны.
Сыртыңа шыға бермес, іште тұнар
Жүректің көз жасының тамшылары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төлегетай

  • 0
  • 1

Киелі қара өлеңнің шөмішімен,
Сапырып сөздің майын көп ішіп ем.
Көненің ізін шалып қайтайын бір,
Қызыл тіл жаңылмаса желісінен.

Толық

Пірлерім, жебеңдер!

  • 0
  • 0

Жебеңдер, пірлерім, сендер мені,
Жетімің тағы, міне, телмеңдеді.
Үстінен ұшқан құсты қағып түсер,
Осынша жұрттың бәрі мерген бе еді?

Толық

Байқаймын...

  • 0
  • 0

Байқаймын, бір биіктеу белге шықтым,
Мүмкін, мен жетер жерге сәл кешіктім.
Іздейді сол баяғы сәби­жүрек
Ырғағын әлдилеген талбесіктің.

Толық

Қарап көріңіз