Алтын асық – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Алтын асық» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2550
Шөл қандырдым бұлақтың тұнығынан,
Ән төгілер арудың бұрымынан.
Тал бойыңнан танадай мін таппадым,
Жаралғандай асылдың сынығынан.
Дариға-ай, сынығынан!

Қайырмасы:
Алтын асық,
Күміс қасық,
Дәурен өтіп барады­ау,
Белден асып.
Дариға-ай, белден асып!
Дәурен өтіп барады­ау,
Белден асып.
Дариға-ай, белден асып!

Шөл қандырған бұлақтың қайнарынан,
Жел еседі жігіттің айдарынан.
Қоңыр күзде кез болған қоңыр қазым,
Ел қайтқанда көңілдің жайлауынан.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері