Күн жақсы өтсе – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Күн жақсы өтсе» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1244
Күн жақсы өтсе –
Түн тыныштық береді.
Жыл жақсы өтсе –
Үміт, сенім жеңеді.
Беу, достым­ау,
Жемісті болса тірлігің,
Сен кеткен соң
Екінші өмір келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері