Ізгілік – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ізгілік» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3229
Шарлап бір жүрсем туған өлкені мен,
Қайда да өрлік көрем өркені кең.
Көркіңе көз тоймайды, о, туған жер,
Сен барлық жер біткеннің көркеміме ең?
Ізгілік - біздер үшін ата қалып,
Жүрміз ғой Адам деген атақ алып.
Қаласаң, жүрегімді жұлып беріп,
Сүйейін топырағыңды жата қалып.
Ешқашан емеспін мен тосын адам,
Қияннан бақытымды тосып алам.
Өзіңді жырлау үшін жаратылды,
Сезімі селден бетер осы балаң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері