Көрмей жүрсем көркіңе шөлдейді екем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көрмей жүрсем көркіңе шөлдейді екем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Көрмей жүрсем көркіңе шөлдейді екем,
Көрген кезде жалт беріп көрмей кетем.
Ғашық болып ауырған жүрегімді
Ғашық болып жүріп мен емдейді екем.
Біреуге жай, біреуге аяулымын,
Көңілдерге канатын жаяр гүлім.
Ғашық емес күндерді ұйқы басар,
Ғашық болған күндерім – ояу күнім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері