Өлең, жыр, ақындар

Кеңістікті жырлаймын

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2252
Қаншама жыл тұрсамдағы қалада,
Ешнәрсені теңгермеймін далама.
Егделердің есебіне кірген соң,
Бірте-бірте ыстық болып барама?!.
Мен, әйтеуір, бір ерекше күйдемін,
Елемейтін болдым тірлік күйбеңін.
Көңіл шіркін алабұртып тұрады,
Ғашық жандай іздеп жүрген сүйгенін.
Қырдан қашан аулақ салдым іргені?
Осынау ой көп мазалап жүр мені.
Кеңістікте еркін өскен ұланның,
Қиын екен тap жерде өмір сүргені.
Үй-жайым бар және жақсы жұмысым,
Бұл жөнінде айтпас жанның бірі сын.
Алайда, бір еркін ауа жұта алмай,
Жиі-жиі тарылып жүр тынысым.
Осы дала жұмсақ төсеп жөргекті,
Талбесікте мені баппен тербепті.
Өмір солай - көлгірситін жайым жоқ,
Болмадым деп азаматы көрнекті.
Отыз бес жыл тұрғынымын қаланың,
Бірақ. Бірақ. Дала-менің алаңым.
Тұңғыш жырым «Кеңістік» дeп аталды,
Кеңістіктің жыршысы боп қаламын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырламас едім...

  • 0
  • 0

Төбеден саулап жапырақ,
Сап-сары түгел атырап.
Жайсаң жаз қимай қоштасты,
Қоңыр күз билік жатыр aп.

Толық

Сотым болып...

  • 0
  • 0

Көп қылығым көңліме жақпауы шын,
Бұрқ-сарқ қайнап ызадан жатты-ау ішім.
Шалыс басқан қадамнан сабақ алам,
Шылығына өмірдің батпау үшін.

Толық

Аға сыры

  • 0
  • 0

Бозбала інім, аға сырын ал тыңдап,
Мен де жүргем саясында салқын бақ.
Жүректегі жалын күшін ұқтырды-ау,
Жігіттіктің ақ семсері жарқылдап.

Толық