Ас беріп жатыр – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ас беріп жатыр» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Ас беріп жатыр,
«аруақ» үшін елімде,
Айып етпе, келіп тұр аз сөз көңілге.
Аға, маған алқа бермей, қамшы бер,
Қамшы ұстайтын ұлым бар еді, менің де.
Жыр жазу үшін, тілейді деп ақын күй,
Ақбоз ат сыйлап, салып та берме шатырлы үй.
Ырым болсын, Ескелді бидің тойынан,
Қамшы ұстап балам, болар ма екен батыр, би.
Көңілімнің жыртығын жырмен бүтіндеп,
Бұл күнді жүрмін көргеніме де «шүкір» - деп.
Жүрегіменен үндесіп әрбір қазақтың,
Жер - әлемнің жүрегі соғар лүпілдеп.
Оралған ұлы бабасын балам танысын,
Ежелгі жаумен егескен тұнық, таңы үшін.
Аға, маған алқаны бермей, қамшы бер,
Уақытқа мінсін, қамшылап ұлым намысын.
Намысын өрім найзағай қамшы жанысын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері