Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 730
Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл,
Өтіп жатыр білдірмей бұл күндерім.
Сезім балын, ішкізіп қиял уын,
Сый алуым уақыттан мүмкін менің...
Қақпа қағып тұрадй күн түн жырым,
Үміт етіп жүр менен жұртым, бүгін.
Нені ойласам, армандап жету үшін,
Бар сияқты бәріне мүмкіндігім.
Менің жаным, сарқылмас сыр құндағы,
Шымылдыққа қарама сыртымдағы.
Қоныстанғым келсе де айға барып
Болатындай мен үшін мүмкін, бәрі.
Өз ойыммен құрамын күн-түн егес,
Көлеңкесін түсірді күлкіме кеш.
Бәрі, мүмкін, мүмкін-ау, тек сенімен,
Қосылуым өмірде мүмкін емес...
Қайғым емес, есіңде қалар күлкім,
Өмір сүріп, өледі адам бір күн.
Мені мұңшыл, күн тұрып, ақын еткен –
Тағдырымнан осынау болар, мүмкін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері