Алмасуда қуанышпен бір мұңым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Алмасуда қуанышпен бір мұңым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Алмасуда қуанышпен бір мұңым,
Мұңсыз менің жеңіл тартар тірлігім.
Жапырақ жаяр мынау жарық өмірге
Жүрегімде бүршіктенген жыр гүлім.
Асқар-таулар, күн қабағын тұр бағып,
Түн көгіне алтын айды сырға ғып.
Бара жатыр менің арман-қиялым,
Уақыттың толқынымен бірге ағып.
Мен мәңгілік шексіздікке құмармын,
Көз алдымды торлап, жауып тұман мұң.
Өмір атты бәйтеректен қай күні –
Жапырақтай жерге жылап құлармын?
Нар тәуекел! Неге болсын шыдармын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері