Қоштасып, солай сен кеттің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қоштасып, солай сен кеттің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Қоштасып, солай сен кеттің,
Өмірдің сырын кім білген.
Сезіммен бесік тербеттім,
Толқынын кешіп Сырдың мен.
Бақыт деп, әлде сор таптым,
Жайғандай қиял құс кілем.
Алатауға жол тарттым,
Ақша бұлттардың үстімен.
Сыйлапсың маған арман, мұң,
Есімде қалды ерке күн.
Желпілдетіп сен қалдың,
Сағыныштың желкенін...
Көзіңмен көктеп, гүлдеппін,
Кездескен кербез көктемім.
Бір шоқтың сонда білмеппін,
Ішіме түсіп кеткенін...
Сыр суы қайда, шөлдедім,
Көзімнен керуен көшті аспан.
Көктемім бе едің, сен менің,
Кешігіп келіп қоштасқан.
Өзіңсіз қайдан жай табам,
Көремін нені тағдырдан.
Қоштасып едім, қайтадан –
Ән болып шықтың алдымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері