От салдың, ойда жоқта жолықтың да – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «От салдың, ойда жоқта жолықтың да» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 762
От салдың, ойда жоқта жолықтың да,
Өзгердің, өзіңді-өзің көріп тұлға.
Көзіңнің қыл-тұзағын үзіп шықтым,
Қалудан тұтқын болып қорықтым да.
Көрмей-ақ елесіңе күй ақтарам,
Алдыңда аласару ұят, маған.
Сұлулық! Туыс па әлде зұлымдықпен,
Құзға бір құлап кетер сияқтанам.
Сен солай, сағыныш сап, ашындырғын,
Жандырып жалынына жасын жырдың.
Көзіңнің тұзақ құрған мазағынан,
Өзімнің азабымнан қашып жүрмін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері