Мен сені іздеп тапқанша көп адастым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен сені іздеп тапқанша көп адастым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 898
Мен сені іздеп тапқанша көп адастым,
Күйін кешіп, ұрыншақ, шала мастың.
Бар еріктен айырып, оттай жанған,
Жүрегімді көкпар ғып ала қаштың.
Ала қаштың, тоқтауды ойламадың,
Сүйікті емес «тән» болды ойлағаның.
Әйел жанын жылтырақ, ойыншық қып,
Жүрекпенен сен бұлай ойнамағын.
Қас қабағың қандай сыр білдіреді,
Көктемдегі көбелек гүл жүрегі.
Ғашық болып, сеніңше сүю деген,
Алданудан тұра ма кім біледі?
Кездесті ме, таныс тау, таныс бағың,
Кездесті ме, көзкөрген, таныстарың.
Іздеп тауып, басқанша аптығымды,
Адастырып ізіңнен, алыстадың.
Тазалықтың күйретіп намыс тағын,
Алыстағын, мейілің сен алыстағын,
Мен сені іздеп тапқанша, көп адасқам,
Ант-су ішіп келмейді нан ұстағым.
Өкінішті өзіңе табыстадым,
Әлдекімдей шақпаймын танысқа мұң.
Қараңғыда басқан әр ізіңді аңдып,
Мен соңыңнан келмейді шам ұстағым,
алыстадым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері