Өмір-тағдыр майданын ұғып болғам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмір-тағдыр майданын ұғып болғам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Өмір-тағдыр майданын ұғып болғам,
Алдандырған, алдаған жігіт, жалған.
Толқын соққан бауырын... шұрық тесік,
Кемедеймін жағаға шығып қалған.
Уақыт солай, түңілмей мен сенемін,
Мен сенемін. Табиғат бөлшегі едім.
Шағалалы теңізден соққан желге
Әуен қосып тербеліп, теңселемін.
Қанаттыға қараймын, қанатты ұрған,
Құм-қайраңға тағдырым қамап, тынған.
Жымың-жымың жұлдыздар, қара жерге
Түнгі аспанның көзіндей қарап тұрған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері