Әйел жаны тең келмес өзге асылмен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Әйел жаны тең келмес өзге асылмен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған әйел туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 810
Әйел жаны тең келмес өзге асылмен,
Әйел жанын өлшеме өз басыңмен.
Саған деген төгемін сағынышты,
Оңашада төгілген көз жасыммен…
Есім кетіп оңаша жыладым мен,
Сені көрмей бұрынғы жыр-әнімнен.
Саған деген төгемін махаббатты,
Нәрестеме төгілген шуағыммен.
Әйел жанын теңеме өз басыңмен,
Әйел жанын өлшеме өзге асылмен.
Ешбір дәрі, ешбір сөз емдемеген,
Мен өзімді емдеймін көз жасыммен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері