Алаңсыз күліп жүргенде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Алаңсыз күліп жүргенде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Алаңсыз күліп жүргенде,
Алқымдар өмір ой салып.
Көсілер сонда бір демде,
Кісінеп келген тай шабыт.
Жаныңды сезім өртемек,
Өртенбей, өзге не етерсің.
Анаңдай елге еркелеп,
Бақыттан жылайды екенсің...
Бойлатып ойға бәрін де,
Бәрін де үнсіз ұғасың.
Риза боп осынау дәуірге,
Әндетіп іштей тұрасың...
Сайраса даусын бұлдайтын,
Бұлбұлда титтей ақым жоқ.
Бәрін де әсем жырлайтын,
Менсіз де, білем, ақын көп.
Кеудемде алуан күй тасып,
Өзімше бір той боламын.
Тілімде тұрар ұйқасып,
Туған жер – Совет Одағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері