Аспан тұман, жер дымқыл – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Аспан тұман, жер дымқыл» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 730
Аспан тұман, жер дымқыл,
Шығар екен күн қашан.
Кеудемдегі көл күлкім,
Тартылыпты, тыңдасам.
Мұңаяды күзгі бақ,
Бұлбұл ұшып басынан.
Сезіміңді жүз бұрап,
Айтатұғын асыл ән.
Сарғыш тартып жасыл қыр,
Сызылтады ой әнін.
Егіз бұлақ басы бір,
Жоғалтқандай аяғын.
Мұнартады бала шың,
Алқымына шылап бу.
Сабайды үнсіз жағасын,
Ұшпай қалған бір аққу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері