Қуаныш пен өкініш бәрі де өтер – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қуаныш пен өкініш бәрі де өтер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1819
Қуаныш пен өкініш бәрі де өтер,
Жүрек суып, кеудеңнен жалын кетер.
Көңіліңнің кеңейткен көк аспанын,
Боп көрінер табынған әнің бекер...
Үміт сөнсе, алданған жұбанышың,
Үн шығармай солқылдап жылар ішің.
Сондай кезде жаныңа қайрат беріп,
Қарсы алдыңда қасқиып тұрады шың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері