Жүріп-жүріп болдырып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүріп-жүріп болдырып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Жүріп-жүріп болдырып,
Шабытқа боп шала бай.
Жылап-жылап алды бұлт,
Таяқ жеген баладай.
Құйғандай-ақ шелекпен,
Өтті көктен сел төгіп.
Жер үстінде жел әттең,
Кетер еді төңкеріп.
Өрт жайлап бір бұлт ішін,
Егілді емен қартамыс.
Талай күнгі күлкісін,
Ұрлап дүлей арпалыс.
Басқа түспей таудай сын,
Өткермей көзден күнді ауыр.
Дауылды жырлай алмайсың,
Жаныңда соқпай бір дауыл!
Өшіріп үрей шаласын,
Қарасаң қарсы сыр ұғып.
Кеткен бе деп қаласың,
Жер мен көкті бірігіп.
Болмаса боран осылай,
Сарқылмаса сабырың.
Өтер ең білмей, досым-ай,
Тыныштықтың қадірін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері