Нәсіпқали Сисатовқа

Бұл бетте «Нәсіпқали Сисатовқа» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2197
Көңілімнің айдынына қаз қонып,
Өз-өзімнен жүрем кейде мәз болып.
Өмірімнің күзі кіріп тұрса да,
Қас қағымда қалғандайын жаз келіп.
Елегізіп әлденеге күн-түні,
Жиілейді жүрегімнің лүпілі.
Санамдағы жүріп жатқан «соғыстың»
Табылғандай, табылмастай бітімі.
Мұндай сәтте бір ерекше күй кешіп,
Ойға алғаның жатар дәйім үйлесіп.
Көрінгеннен құшақ жайып тұрады,
Жүрген жандар «үй десіп» тe, «бүй десіп».
Құлаққа кеп ұлы күйдің сарыны,
Үстелгендей қаламымның қарымы.
Жүрегіме құйылады бұлақ боп,
Күннің нұры және Айдың жарығы.
Мүмкіндік пен мақсат тапса келісім,
Қанаттының қойар жері - төрі шың.
Күдігімді сенім жеңіп келеді,
Тарылмайды өлеңдегі өрісім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәсіпқали Сисатовқа өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Нәсіпқали Сисатовқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәсіпқали Сисатовқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәсіпқали Сисатовқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері