Хат тасушы – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Хат тасушы» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3298
Оған не жауынды күн, дауылды күн,
Жүргені шыр айналып ауылды мың.
Тынбайды жапқанынша соңғы есікті,
Сезбестен қоржынының ауырлығын.
Десек тe хат тасушы бар атағы,
Жолына барша жұртты қаратады.
Ерте-кеш дамыл көрмей құрбым менің,
Халқына жақсы хабар таратады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері