Шуақ – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Шуақ» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2347
Тыныштық - дәл осы шақ бар керегім,
Арадай гүл қуалап, бал теремін.
Алдымда ақжал толқын Жайық жатыр,
Жайқалтып жағасында тал-терегін.
Күн көзін паң далаға тастап нұрлы,
Бөлеп тұр шуағына асқақ қырды.
Осы бір көріністен қаным қызып,
Көңілім әлдеқайда бастап тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері