Етпегей енді асылық! – Толқын Қабылша

Бұл бетте «Етпегей енді асылық!» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1096
Қанатын қақса,
Қазақтың қайсар құстары,
Күдік туғызбас шыңдарды көздеп ұшқаны.
Қас пенен көздің арасы сынды қашықтық,
Құладүздер мен құбабелдерді құшқаным.

Қас-қағым сәтте,
Қаракөз үміт ақталып.
Құлагер аттай қадамдар бастық шаққа нық.
Көре алмағанның қаскөй ниеті көкке ұшып,
Қылкөпірлерден қаперсіз өттік, бақ дарып.

Аманатымды
Алатаңдардан арқалап.
Аласұрғанда, ақиқат тұрды анталап.
Азаншы сынды ах ұрып айтқан арманның,
Айна қатесіз куәсі мына шартарап.

Тәуелсіз елдің,
Тарихы тасқа басылып.
Танымағандар, таңдайын қақты бас ұрып.
Тұяғы бүтін тұлпардың тілеп саулығын
Тәубе дескендер, етпегей енді асылық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері